
Ермекбаева Гульжан Аманбекқызы 1979жылы 1-желтоқсанында Шымкент облысы Шардара қаласында дүниеге келді.1986-1996жылдар аралығында Н.К. Крупская орта мектебін үздік аяқтайды. 1996-2002 жылы Ақмола мемлекеттік медициналық институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірді.
2002-2003 жылдары жылы Ақмола мемлекеттік медициналық институтында анестезиолог-реаниматолог мамандығы бойынша интернатура өткеннен кейін 2003-2016 жылдар аралығында "Маңғыстау облыстық инфекциялық ауруханасы" МҚКК реаниматолог дәрігері болып қызмет атқарды.
2016 жылдың 05-қаңтарынан бастап " Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы" жансақтау анестезиолог-реаниматологы ретінде жұмыс істеп, 01.06.2016 жылдан бастап жүйке-жүйе бөлімінің невролог дәрігері ретінде жұмысын жалғастырады. 01.03.2018ж жүйке-жүйе бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. «Денсаулық сақтау менеджементі» бойынша бірінші санатты дәрігер. «Денсаулық сақтау менеджементі» бойынша қайта даярлаудан өтеді
2020-жылдан бастап Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар аурухуанасының директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.
Жоғары білікті маман үшін маңызды мәселелерді анықтау және шешу кезінде ерекше басқару қабілеттеріне ие. Адамгершілік қасиеттер мен жұмысқа кәсіби көзқарастың болуына байланысты көптеген пациенттердің сауығуына ықпал етеді, осылайша осы ұйымдардың қызмет сапасын жақсартады.
Еңбек жолында бірнеше рет біліктілікті жетілдіру және арттыру циклдары өтті. Жұмыс барысында ол жауапкершіліктің, өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі тәрбиелеудің жоғары дәрежесін көрсетті.
Өз жұмысында бастамашыл және қызметіне жауапкершілікпен қарайды, ұжым арасында беделге және құрметке ие. Аурухананың қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
Жұмысына белсенді және өз жұмысымен қатар қосымша күш атқарады, мәселелерді шешудің жаңа әдістерін игеріп қолдана біледі.
Елді жайлаған індет уақытында жан аямай провизорлық стационарда күндіз түні тынбай еңбек етуде.
Жанұя жағдайы тұрмыста.3баланың анасы.
Жолдасы Ильяс С.Б.-1978ж.т., үлкен ұлы 2002жылғы, Ортаншы ұлы 2004жылғы, кіші баласы 2015жылғы.
Қиын жағдайларда шешім табуға қабілетті, өз құзырындағы уақытымен ресурстарын ұтымды пайдаланып алға қойған мақсаттарды шешу жолында тынбай еңбек етеді.
Қызметкерлерді жетілдіруге және функционалдық қызмет саласын дамытуға үнемі бағыттап отырады.