О нас
Облыстық балалар ауруханасының негізі 1978 жылы құрылды.
Аурухана 3 (корпус) ғимараттан тұрады:
26 шағын аудандағы ғимараттар:
А ғимараты: әкімшілік, жас нәрестелер паталогиясы бөлімі, жүйке-жүйе бөлімі, оңалту және қалпына келтіре емдеу бөлімі, педиатрия бөлімі, рентген және компьютерлік томография кабинеттері, статистика кабинеті, катамнез кабинеті, «Диабет мектебі» кабинеті, эндоскопиялық кабинеті, мамандар бөлімі, жұқпалы аурулар бақылау кабинеті, ЭКГ кабинеті,
Б ғимараты: қабылдау бөлімі, клиника-диагностикалық бөлімі, клиника-диагностикалық зертхана, физиотерапия бөлімі, УЗД кабинеті, травматология және ортопедия бөлімі, оториноларингология бөлімі, балалар хирургиясы бөлімі, жан сақтау және анестизиология бөлімі, ота блогы, орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімі,
1 шағынаудандағы ғимараты: жұқпалы ауруларды қабылдау бөлімі, жұқпалы аурулар бөлімі, жансақтау бөлімі.
Облыстық балалар ауруханасының негізі 1978 жылы қаланған, 30 жылдан астам уақыт медициналық қызмет нарығында.
Ауруханада педиатриялық, хирургиялық, травматология-ортопедиялық, камбустиялогиялық, нейрохирургиялық, отоларингологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, нефрологиялық, аллергологиялық, гастроэнтерологиялық, гематологиялық, онкологиялық, пульмонологиялық, эндокринологиялық, неонатологиялық, неврологиялық, оңалту және қалпына келтіре емдеу, жан сақтау және анестезиологиялық бейіндер бойынша облыстың бала жасындағы тұрғындарына тәулік бойы стационарлық көмек көрсететін жалғыз мекеме болып табылады. Сонымен қатар облыста балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп қоймай, қала және аудандардағы емдеу-сауықтыру мекемелеріне аурухана ұйымдастырушылық-әдістемелік орталық қызметін атқарып, емдік-диагностикалық, кеңес беру және әдістемелік көмек көрсетеді.
Кәсіпорын құрылтайшысы Маңғыстау облыстық әкімдігі болып табылады. Мемлекеттік басқару ұйымы - “Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы” мемлекеттік мекемесі. 2012 жылы “ОБА” МКҚК шаруашылық жүргізу құқығындағы “Маңғыстау облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы” “ОБА” мемлекеттік мекемесі МКК болып қайта құрылды, заңды тұлғаның 15.03.2012ж.күні мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің №417-1943-01-ГП.
2019 жылы аурухана атау «Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы» болып өзгертілді.
Бекітілген штат 479,25 бірлік. Оның 119,25 бірлігі дәрігерлер, 215,25 бірлігі орта дәрігерлік қызметшілер, 130,25 бірлігі кіші дәрігерлік қызметшілер, 27,25 бірлігі әкімшілік-шаруашылық бөлімге тиесілі. Дәрігерлермен жасақталуы 57%-ды, орта дәрігерлік қызметшілермен жасақталуы - 93%-ды құрайды.
ШЖҚ МКК-де 31 дәрігер жұмыс істейді, олардың 21-інің біліктілік санаты бар, бұл 68%-ды құрайды, олардың ішінде 11 дәрігердің жоғары біліктілік санаты (35%), 8 дәрігердің бірінші біліктілік санаты (25%), 2 дәрігердің екінші біліктілік санаты (6%).
Орта дәрігерлік қызметшілер саны - 126 адам, олардың 55-інің медициналық бике санаты бар, олардың ішінде 27 медбикенің жоғары біліктілік санаты (21%), 13 медбикенің бірінші біліктілік санаты (10%), 15 медбикенің екінші біліктілік санаты (12%). Орта дәрігерлік қызметшілердің негізгі құрамын 3 жылға дейін еңбек өтілі бар жас мамандар құрайды.
Штаттық кесте “Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы” ҚР ДСМ-нің 07.04.2010ж. күнгі №238 бұйрығына сәйкес белгіленген.
Облыстық балалар ауруханасы 175 бейімделген керуеттерде облыстың бала жасындағы тұрғындарына стационарлық көмек, сонымен қатар амбулаториялық науқастарға диагностикалық көмек көрсетеді.
Мамандықтар бойынша бала жасындағы тұрғындарға көрсетілетін стационарлық көмек:
- педиатрия;
- гастроэнтерология;
- эндокринология;
- кардиология;
- нефрология;
- гематология,
- неврология
- хирургия (жалпы)
- урология;
- Отоларингология
- Неонатология
- травматология;
- нейрохирургия;
- реабилитация.
Диагностика:
- зертханалық: иммунологиялық, биохимиялық, жалпы клиникалық зерттеу;
- функционалдық;
- эндоскопическая;
- ультрадыбыстық;
- рентгенологиялық;
- КТ және МРТ;
- Медициналық оңалту: физиотерапия, емдік жаттығулар, массаж.