Новости
1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!
Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының ұжымы барша бүлдіршіндерді осы жарқын мерекемен шын жүректен құттықтайды!
Балалар – еліміздің болашағы, жүрегіміздің жылуы, өміріміздің мәні. Олардың күлкісі – біз үшін ең үлкен бақыт, денсаулығы – басты байлығымыз.
Осы мерекеге орай, біз “Дәрігер – балалар жанашыры” атты игі челленджге өз үлесімізді қоса отырып, барша медицина қызметкерлерін балаларға деген мейірімі мен жанашырлығы үшін алғыс айтамыз.
Барлық балаларға зор денсаулық, шаттық пен шуақты күндер тілейміз!
Әрбір баланың жүзінен күлкі кетпесін!
