
Бас дәрігердің блогы
Жанар Есенғалиқызы — Маңғыстау өңірінің тумасы.
Еңбек жолын 2006–2011 жылдары Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында инфекционист дәрігер болып бастаған.
2011–2014 жылдары Маңғыстау облыстық жұқпалы балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2014–2017 жылдары Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы директорының орынбасары болды.
2017–2018 жылдары Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында пациенттерді қолдау қызметі және ішкі аудит дәрігер-сарапшысы қызметін атқарды.
2018–2019 жылдары директордың босандыру қызметі жөніндегі орынбасары болды.
2019–2021 жылдары Мұнайлы аудандық ауруханасының директорының міндетін атқарды.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Мұнайлы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры қызметін атқарып келді.





